28.05.2020, 22:44
Оқылды: 158

БҚО-да 2020 жылдың бірінші тоқсанында 13 млрд. теңге көлемінде азық-түлік өнімі өндірілді

Биыл ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бюджеттен 17 млрд. теңге бөлінді. 2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында ауыл шаруашылығын қаржыландыруға облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 4,3 млрд. теңгеге несие ресурстарын алды, оның ішінде лизинг арқылы 267 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары мен қондырғылары сатып алынды.

IMG-20200528-WA0234

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі белгіленген кезеңде 27 млрд.теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы саласына 1,6 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 1,4 есе артық.

2020 жылдың 1 мамырына ІҚМ басы 706 мың басқа дейін өсті. Ағымдағы жылы бордақылауға 30 мың тонна мал және құс еті өткізілді. Шаруашылықтың барлық санаттарында сиыр сүтін өндіру көлемі 40 мың тоннаны құрады, 56 млн. дана тауық жұмыртқасы өндірілді. Осыған орай, 655 тонна ет және ет өнімдері экспортталды. Бүгінгі күні облыста 191 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелген.

Биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласында ірі инвестициялық жобалар жоспарланған. "Кублей" ЖШС бір ауысымда 600 дана ІҚМ және ұсақ мал терісін өңдеу цехының құрылысы жүргізілуде. Жобаның құны 700 млн. теңгені құрайды. Сонымен қатар, "Орал жылыжай комбинаты" ЖШС голланд технологиясы бойынша ауданы 5 га жылыжай кешенінің құрылысы жүргізілуде, қуаттылығы жылына 3 мың тонна көкөніс және жобаның жалпы құны 7 млрд. теңгені құрады. Екі жобаны іске қосу ағымдағы жылдың 2 тоқсанына жоспарланған. 100 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале