7.06.2018, 16:39
Оқылды: 83

БҚО-да 266 мал қорымы тіркелген

Бұл жайлы бүгін облыстық ветеринария басқармасы басшысы Серік Нұрмағанбетов БАҚ-қа арналған брифингте айтты.


Облыста тіркелген 266 мал қорымының 53-і типтік жобада болса, 213-і қарапайым шұңқырлар екен. Басқарма басшысының айтуынша, былтыр 14 мал қорымы салынған, биыл 20 қорым салынған.

Күні бүгін облыс бойынша 222 сібір жарасы көміндісі анықталған. Басқарма басшысы ол жерлерде тақтайша қоршаулар орнатылған дейді.

Нұрлыбек Рахманов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале