18.10.2017, 16:22
Оқылды: 22

БҚО-да 3 135 мемқызметшісі бағалаудан өткен

Жыл басынан бері мемлекеттік қызметінің тиімділігін және жұмысының сапасын анықтау мақсатында облысымыздың 3 135 мемқызметшісі бағалаудан өткен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы Болат Исақов мәлімдеді.

Бағалау қорытындысы бойынша 41 мемқызметкер «өте жақсы», 2 896-сы «тиімді», 196 «қанағаттанарлық» деген баға алған.
БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте аталмыш департаменттің ағымдағы жылдың тоғыз айы ішінде атқарған жұмысының есебі тыңдалды.
–Заңнамалардың талаптарына сәйкес үстіміздегі жылы облыстағы 1 377 мемлекеттік қызметшіні оқыту жоспарланған болатын. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша 989 немесе жоспар санынан шаққанда 71,8 пайыз мемлекеттік қызметші оқытылды. Қайта даярлау бойынша 246 мемлекеттік қызметші, біліктілігін арттыру бойынша 743 қызметші білімін жетілдірді. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардың тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде тиісті салада кәсіби білім мен тәжірибе алу мақсатында ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 152 мемлекеттік қызметші тағылымдамадан өту жоспарланған болса, бүгінде 126 немесе 82,6 пайыз мемлекеттік қызметші тағылымдамадан өтті. Қалған 26 мемлекеттік қызметші жыл аяғына дейін тағылымдамадан өтеді деп жоспарлануда, – деді Болат Әлмұханұлы.

Нұрбек ЗӘКӘРИЯҰЛЫ,
«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале