30.10.2017, 17:37
Оқылды: 50

БҚО-да барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына сайлаушылардың 71,59 пайызы қатысты

 

DSC_0005 (2)Бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде Батыс Қазақстан облысындағы шығып қалған депутаттардың орнына сайлау қорытындысы туралы кезекті брифинг өтті. Брифингке облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов қатысты.

Оның айтуынша, 2017 жылдың 29 қазан күні өткен сайлау қорытындысы бойынша жергілікті мәслихаттардың 8 депутаты (соның ішінде облысқа-1, Орал қаласына-1, аудандық мәслихаттарға-6) сайланды. Олар БҚО мәслихатына «Ақсайгасервис» АҚ президенті Тілек Шектібаев, Орал қалалық мәслихатына «Водаканалстройсервис» ЖШС директоры Әнуар Мұқатаев, Бөрлі аудандық мәслихатына «Project Group» ЖШС-нің аудармашысы Малика Махауова, Жәнібек аудандық мәслихатына М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің директоры Берік Ихсанов, Қазталов аудандық мәслихатына №4 Тереңкөл сайлау округі бойынша Қазталов ауылдық округінің әкімі Сарсынбай Молдашев, Қазталов аудандық мәслихатына №12 Көктерек сайлау округі бойынша «Райымбек» шаруа қожалығының жетекшісі Руслан Сарбаев, Теректі аудандық мәслихатына №2 Ақсуат сайлау округі бойынша жеке кәсіпкер Қайрат Әділханов, Теректі аудандық мәслихатына №5 Подстепное сайлау округі бойынша Теректі колледжі директорының орынбасары Ерсайын Нәсіпов депутат болып сайланды.

Барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының жұмысы бекітілген күнтізбелік жоспарға сай жүргізілді. Сайлауға барлығы 26 кандидат ұсынылса, оның 18-і өзін-өзі ұсыну жолымен және 8-і саяси партиямен ұсынылған.

- Сайлаушылардың 71,59 пайызы қатысып, сайлау жұмысы

ұйымшылдықпен өтті. Оған саяси париялар мен сенім білдірген адамдар қатарынан 96 байқаушы және 7 БАҚ өкілі байқау жүргізді. Барлық сайланған депутаттар жоғары білімді, оның ішінде 1-уі әйел болса, қалған 7-уі ерлер.

Олардың 2-уі бизнес өкілдері, 2-уі жеке кәсіпкерлер болса, 3-уі білім саласының өкілдері, 1-уі ауылдық округ әкімі. Сайланған депутаттардың орташа жасы 49,3 құрайды,-деді Ғ.Қапақов.

Сондай-ақ ол брифингте сайлау комиссияларына арыз-шағымдар түспегенін мәлімдеді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале