16.08.2018, 15:26
Оқылды: 24

БҚО-да бір күнде екі азамат суға кетті

tonet15 тамыз күні сағат 16.41-де Орал қаласының Желаев кенті маңайында қолдан жасалған су қоймасында БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сол күні суға шомылуға рұқсат етілмеген жерде сағат 15.10-да суға түсіп батып кеткен 1994 жылы туған азаматтың денесін тауып, судан алып шықты.


Сонымен қатар 15 тамыз күні сағат 19.00-де Теректі ауданы, Сатымшеген ауылы маңайында орналасқан су қоймасында 4 ауыл тұрғынының күшімен сағат 16.00-де суға шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түсіп батып кеткен 1999 жылы туған азаматтың денесі табылып, судан алынған.

Болашағы жарқын болуы мүмкін екі жас жігіттің өмірі қиылды. Суға кеткендердің өлімі туралы статистика да азаяр емес. Өткен 10 жылдың ішінде 270-тен астам адам суға кетсе, соның 70-ке жуығы балалар. Балалардың судағы өлімі көбіне үлкендер мен ересектердің нейқұмарлығынан болады. Көбінесе балалар үлкендердің қарауынсыз қалып өз бетімен су қоймаларына барып шомылады, ал қасірет орын алған кезде көмек көрсетуі мүмкін болатын ересек адам болмай қалады.

Алайда қайғыны болдырмауға болады, егер судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаса.

  • Қоршау белгісінен әрі жүзбеңіз!
  • Тыйым салынған орындарда суға түспеңіз!
  • Суға шомылған кезде бейнекамераны, допты, тақтайшаны қолданбаңыз!
  • Көпірден, бөгеттен, қайықтан және катерден суға секірмеңіз!
  • Өтіп бара жатқан катердің, қайықтың астынан жүзіп өтпеңіз!
  • Бейтаныс жерде сүңгімеңіз!
  • Суда тентектікке жол бермеңіз!
  • Жалған дабыл бермеңіз!

Құрметті облыс қонақтар мен тұрғындар! Қауіпсіздік ережелерінің елемеудің кесірінен құрбан болмаңыз!

БҚО ТЖД мемлекеттік тіл

және ақпарат тобы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале