17.07.2020, 9:28
Оқылды: 72

БҚО-да дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан тұрғын жауапқа тартылды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес БҚО прокуратурасы құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлесіп, дәрі-дәрмекпен алыпсатарлықты анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту бағытында жұмыс жүргізуде, деп жазылған ҚазАқпаратта.

501DD4B0-9C3C-490D-B192-92480BC7486E

БҚО прокуратурасынан түскен мәліметке қарағанда, прокуратура, экономикалық тергеу департаменті, полиция департаменті қызметкерлерінен құралған жедел топ дәрі-дәрмекті жоғары бағамен сатудың 7 және рұқсат құжаттарынсыз өткізудің 3 дерегін анықтады. Атап айтқанда, 8 шілде күні экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында «Арбидол» препаратының 1 орамы 5 мың теңгеден сатылғанын анықтады. Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылғы 15 шілдедегі бұйрығымен аталған препаратқа 2312 теңге мөлшерінде шекті баға белгіленген болатын. Осылайша жосықсыз кәсіпкер Орал қаласы аумағында дәрі-дәрмекті 100 пайыз артық бағамен сатқан. Дәріхана иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексі 426-бабы 1-бөлігіне сәйкес материал толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін БҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне берілді. Сондай-ақ У. деген азамат Цеф-3 антибиотиктерін рұқсат құжатсыз қайта сатып, заңсыз фармацевтикалық қызметпен айналысқан. Бұл азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 424-бабы 1-бөлігіне (заңсыз фармацевтикалық қызмет) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале