10.08.2017, 19:20
Оқылды: 225

БҚО-да «Егіс даласы-2017» бағдарламасы аясында семинар өтті (ФОТО)

20750845_724801521051268_1392073814_nБүгін Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы  мен «БайерҚаз» және «Авангард» ЖШС бірігіп, «Егіс даласы-2017» бағдарламасы аясында семинар ұйымдастырды.


Бұған облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов, «Байер Қаз» компаниясының өңірлік өкілі, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Алдаберген Нұғманов, «Семагро» серіктестігі директорының орынбасары Олег Ремин, «Great Plains» өкілдігінің директоры Андрей Воробьев және аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ауылшаруашылығы саласының қызметкерлері, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ және «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе  станциясы» ЖШС ғалымдары, сондай-ақ, шаруа қожалығының жетекшілері қатысты.

den polia (5)Жиынды жүргізген облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Кәрімұлы жиналғандарды ең алдымен күн тәртібімен таныстырып, содан кейін өңіріміздегі егін шаруашылығының жәй-күйіне тоқталды.

-Елбасы тапсырмасына сәйкес ҚР Ауылшаруашылығы Министрлігі мен облыс әкімдігі арасында ауылшаруашылығы дақылдары өндірісін диверсификациялау (әртараптандыру) бойынша 2017-2021 жылдарға арналған Меморандум жасалған болатын. Осыған орай, біз егіс алаңын кеңейтіп, мал азығы мен майлы дақылдар және күздік дәнді дақылдар өндірісін арттыруымыз керек. Биыл облыс бойынша дәнді дақылдар 248 мың гектар жерге егілсе, соның 72 мың гектарына күздік дәнді дақылдар себілді. Майлы дақылдар 65 мың гектар жерге егілді,  соның  43 мың гектарына күнбағыс отырғызылды. Соңғы жылдары өңірімізде мал басының көбеюіне байланысты мал азығына арналған егіс көлемі 170 мың гектарға дейін артты. Биыл ауа райы малға да, жанға да жайлы болып тұр. Соның арқасында өңіріміздің шаруалары күздік дәнді дақылдарды орта есеппен гектарына 22,7 центнерден жинауда. Бұл, меніңше, жаман көрсеткіш емес.

den polia (1)Қазіргі таңда жаздық дәнді дақылдарды жинау басталды, бұл бағыттағы егін шығымы орта есеппен алғанда әр гектардан 11,9 центнерден айналуда. Дәнді дақылдар шығымдылығы 2008 және 2016 жылдары жақсы болды, қалған жылдары ауа райының құрғақшылығы мол өнім алуға кедергі келтірді. Жиі қайталанып тұрған құрғақшылық егін шаруашылығы саласын кеңейтуімізге мүмкіндік бермей тұр. Сондықтан, бізге өнімділігі жоғары, құрғақшылыққа төзімді дәнді дақылдар мен олардың сұрыптарын іздестіру керек. Ол үшін егіншілік шаруашылығына инновациялық технологиялар тәсілін енгізу қажет. Бүгінгі семинардың басты мақсаты – осы, - деді Арман Кәрімұлы өз сөзінде.

den polia (3)Бұдан соң семинарға қатысушылар «Авангард» ЖШС базасындағы егіс даласына барды. Бұл жерде «Байер Қаз» компаниясының өңірлік өкілі, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Алдаберген Нұғманов ауылшаруашылығы саласының мамандарын күнбағыс, сафлор, жүгері, дәндік Сорго дақылдары, Нұт дәнді дақылдары, соя және сұлы дақылдарының жаңа сорттарымен таныстырып, оларды өңдеудің замануи тәсілдерімен  таныстырды. Егіс даласында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкері Мұхит Ихсанов жиналғандарды «Одесская селянка» жаңа сортымен таныстырса, «Семагро» серіктестігі директорының орынбасары Олег Ремин Украина күнбағысының артықшылықтары жөнінде әңгімеледі.

20750863_724801544384599_1581159652_nОсыдан кейін егіс даласының уақытша қосынына қайта жиналған ауылшаруашығы саласының мамандары облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Кеңес Қайдашевтің астық қабылдау және оны сақтау кәсіпорындарының биылғы жаңа өнімді қабылдауға дайындығы жөніндегі баяндамасын тыңдады. Кеңес Баянұлының айтуынша, бүгінде облыс бойынша  лицензиялы 9 астық қабылдау мекемесі бар. Олар: «Белес-Агро», «Переметный  элеваторы», «№8 астық базасы», ««Шыңғырлау» астық өнімдерін қабылдау кәсіпорны», «Жайық» астық өнімдерін қабылдау кәсіпорны», «Тасқала-Дән», «Желаев астық өнімдерін қабылдау кәсіпорны», ««Ақ қайнар»  астық өнімдерін қабылдау кәсіпорны» және ««Орал» астық өнімдерін қабылдау кәсіпорны».     Күні бүгін өңіріміздегі кәсіпорындар жалпы көлемі 556,6 мың тонна астықты қабылдауға әзір тұр, соның 162,2 мың тоннасын қоймалар және 394,4 мың тоннасын элеватор құрайды. Тексерілген астық өнімдерін қабылдау кәсіпорындары заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген және квалификациялық талаптарға сәйкес келеді.

den polia (2)-Бұрын астық қабылдау және сақтау орындары үшін тариф бағасын монополияға қарсы комитет белгілейтін. Қазіргі уақытта тариф бағасын әр мекеме көрсеткен қызметі мен шығындарын есептей отырып, өздері бекітеді. Мысалы, қазіргі таңда «Белес-Агро», «Желаев астық өнімдерін қабылдау кәсіпорны» және ««Ақ қайнар»  астық өнімдерін қабылдау кәсіпорны» 3 классты бидайдың тоннасын ҚҚС қосқанда 38 теңгеге (ҚҚС- сыз 36 теңгеден) алатын болса, күздік қара бидайдың тоннасын ҚҚС қосқанда 20 теңгеден (ҚҚС-сыз 18 теңгеден) қабылдайды. Бүгінде өңіріміздің астық қабылдау орындарына биылғы егін түсімінен барлығы 82,2 мың тонна дәнді дақылдар қабылданды. Биылғы егін түсімінің сапасы бұрынғыларға қарағанда, әлдеқайда жақсы. Дәл қазіргі уақытта облыс элеваторларында 105,9 мың тонна дәнді дақылдар сақталуда, жүктемесі жалпы сиымдылығының 19,0 пайызын құрайды. Соның ішінде 97,4 мың тонна азық-түліктік, 8,5 мың тонна фураждық дәнді дақылдар,- деген Кеңес Баянұлы бұдан әрі жиналғандарды астық қабылдау және сақтау орындарының белгілеген тарифтерімен таныстырды.

20731464_724801584384595_1236568067_nШараны қорытындылаған Арман Кәрімұлы бұл жолғы семинардың маңызына тоқталып,  егін өнімділігін арттыру бағытында ауқымды жұмыс атқарып жүрген «Байер Қаз» компаниясының қызметкерлеріне  ризашылығын білдірді.

Айша ӨТЕБӘЛІ

zhaikpress.kz  

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале