28.05.2018, 15:50
Оқылды: 27

БҚО-да "Қолдайық ауыл мектебін" акциясы өтті

aksay (2)Бүгін еліміз бойынша Назарбаев зияткерлік мектептерінің ұйымдастыруымен "Қолдайық ауыл мектебін" акциясы өтті. Аталған шара мектептің 10 жылдығына орай ұйымдастырылды. Акция аясында Оралдағы Назарбаев мектебі Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылындағы Григорьев жалпы білім беретін оқу ордасына материалдық-әдістемелік қолдау көрсетті.

Кеңтүбек ауылына ат басын бұрған зияткерлік мектеп ұжымы алдымен Григорьев білім орнының музейі жұмысымен танысты.

Кейін мектеп директоры Тимур Нұркешов зияткерлік мектептердегі білім беру бағдарламасының ерекшеліктері, тәжірибе тарату, директордың орынбасары Эльвира Айдыналиева тәрбие жобалары барысы жөнінде баяндады.

aksay (3)Шара аясында Назарбаев мектебі педагогтары мен Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлері ауылдық мұғалімдерге әдістемелік шеберлік сағатын өткізді. Ал кітапханашылар оқуға ынталандыруға арналған ойындармен таныстырды. Әдістемелік қолдау шаралары "Әлеуметтік жобалар арқылы тәрбиелеу", "Тиімді сабақ құрудың үздік 6 белгісі", "Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқыту мен бағалау" т.б. тақырыптарын қамтыды.

Кеңтүбек орта мектебіне «Буккросинг» барысында жиналған 301 кітап, «Оқу. Іздену. Талаптану» ақпараттық тақтасы, мектеп гүлзарын жасақтау үшін 100 дана бөлме гүлі, Алматы қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары жасап, дайындаған 3D принтер, 15 дана спорттық доп табысталды.

Шара қос мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Акция соңында мектеп директоры Амангелді Кемешов ұжым атынан алғыс білдіріп, әріптестік байланыс жасауға ынталы екенін жеткізді.

Айта кетейік, аталған акцияға «Казцинк» ЖШС, «Абырой» ұлттық құндылықтарды дамыту жеке қоры және белгілі журналист Бибігүл Жексенбай, Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президентінің кітапханасы, «Деловой мир Астана» баспасы үлес қосқан.

Айдана Хамидуллина,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале