19.09.2018, 10:11
Оқылды: 90

БҚО-да күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының мұрасына арналған ғылыми конференция өтуде

Оралда күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай «Жаһандану әлемі және Құрманғазы Сағырбайұлының мәңгілік мұрасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын бастады.

5067cb7b-7e43-45aa-b2eb-1b4b0fdde582

         Конференцияның пленарлық жұмысына Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов, күйші-домбырашы, ұстаз, фольклортанушы, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Айтжан Тоқтаған, ҚР еңбегі сіңген қайраткері, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның профессоры, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының халық музыкасы бөлімінің деканы, өнертану кандидаты Карима Сахарбаева, «Kazmuseum.kz» қорының жетекшісі, музейтанушы Нұрсерік Жолбарыс, өлкетанушы, мәдениет саласының ардагері Жайсаң Ақбай, педагогика ғылымдарының докторы, академик, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ профессоры Махамбет Ержанов, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың мәдениет және өнер факультетінің деканы, педогогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев, өнертанушылар, өлкетанушылар, тарихшылар, мәдениет саласының ардагерлері, музей қызметкерлері, студенттер мен БАҚ өкілдері қатынасуда.

         Конференцияның секциялық жұмысында ғалымдар, өнертанушылар мен өлкетанушылар Құрманғазы бабамыздың күйлерін зерттеу жұмыстарымен таныстырмақ.

Нұрлыбек РАХМАНОВ,

zhaikpress.kz

200 (1) 200 (3) 200 (4) конф (1)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале