8-707-808-48-55
5.06.2018, 21:52
Оқылды: 199
БҚО-да мұнай-химия кешені салынады

????????????????????????????????????

БҚО әкімі Алтай Көлгіновке Теректі ауданында салынады делінген мұнай-химия зауыты туралы сауал жолданды.

-Аудан орталығынан қашық жерде орналасатын кешенді шетелдік инвесторлар салады. Жобасы дайын. Мамандар жуырда келіп кетті. Бір-екі жылда бітсе, жұмыс орны ашылады, инвестиция дамиды,-деп жауап берді облыс әкімі.

Тікелей эфир барысында жол жағдайы, апатты үйлер мәселесі, жер кезегі, көшелерді жарықтандыру бағытындағы сауалдар көптеп қойылған. Сонымен қатар тұрғындардан Ет комбинаты, Зашаған аумағында спорт алаңдарын салу, Жаңақаланың кей ауылдарына газ тарту жұмыстары жөнінде өтініштер келіп түскен. Сауалдардың арасында "Стамбулға әуе рейсі қашан ашылады?" деген сұрақ болды.

Қалған сауалдар облыс әкімі аппаратына жолданады. Айта кетейік, тікелей эфир барысында желіге 80-нен аса сұрақ түскен.

Айдана Хамидуллина
zhaikpress.kz

Фото Александр Куприенко

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Пікір қалдыру