14.03.2019, 18:47
Оқылды: 34

БҚО-да «Музейстар-2019» жобасы басталды

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясындағы Жастар жылына арналған «Музейстар-2019» атты жобасы салтанатпен ашылды. Жобаның алғашқы қатысушысы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Білімді жастар-ел болашағы» атты көрме ұйымдастырды.

4efac23f-6829-4dfa-af82-63a2e2423d4e

Жобаның ашылу салтанатына облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев, облыстық жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Асқарұлы, облыстық «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірлік жобалық кеңсе жетекшісі С.Тұманбаева, жобаға қатысушы жеті жоғары және орта оқу орны ректорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушылары мен студенттері, музей қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Бұл жобаның мақсаты – өңірімізде жастарға білім беретін оқу орындарын көпшілік назарына ұсыну арқылы Ақ Жайықтың таңдаулы жоғары және орта оқу орындарын халыққа таныстыру, жастардың бойына өлкенің рухани және мәдени мұрасына қызығушылықтарын арттыру, жастардың білімге, өнерге, тарихқа қызығушылықтарын ояту, жастардың рухани дамып, өсуіне музейдің өзіндік үлесін қосу.

0c2b6421-fecf-4466-89e1-fa2010dec05f

Жыл аяғына дейін жалғасатын жобаға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (14 наурыз- 12 сәуір аралығы), Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (16 сәуір – 17 мамыр), Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті (21 мамыр – 21 маусым), Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті (25 маусым – 19 шілде), Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі (13 қыркүйек – 11 қазан), Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі (15 қазан – 15 қараша), Құрманғазы атындағы саз колледжі (18 қараша – 13 желтоқсан) қатыспақ.

e2913125-349a-4087-8838-5deabbbb29a8 e79939b5-bb69-4d00-b617-3802fe8d3136 243e0bf7-800c-4276-9ba5-33502786ddc2

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале