4.11.2017, 14:55
Оқылды: 59

БҚО-да "Рухани жаңғыру" бағдарламасының орындалуы талқыланды

Screenshot_2017-11-04-22-12-48-1Бүгін әкімдікте облыс әкімі Алтай Көлгіновтың төрағалығымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының өңірде орындалуына бағытталған кеңейтілген кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысына облыс әкімінің орынбасарлары, сала басшылары және онлайн режимінде аудан әкімдері қатысты.


Кеңесте сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов аталмыш бағдарлама аясында облыс көлемінде атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттерге тоқталып өтті.

Сонымен қатар кеңесте БҚО бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесінің жетекшісі Салтанат Тұманбаева сөз алып, бағдарламаның облыс орталығында және аудандарда орындалуына нақты деректер келтірді.

Оның мәліметінше, бірқатар аудандарда бағдарламаға байланысты ауқымды шаралар ұйымдастырылған болса, кей аудандар кез келген шараны аталған бағдарламаға байланыстырып, жалаулатуға жол берген.

Кеңесті қорытындылаған облыс әкімі Алтай Көлгінов аудан басшыларына бағдарламаның атқарылуын қатаң назарда ұстап, ай сайын есеп беруді тапсырды.

Нұрбек Оразаев
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале