26.12.2018, 23:05
Оқылды: 29

БҚО-да тарифтер төмендеді

Елбасы Биылғы Жолдауды жарияламас бұрын ең өзекті мәселелерді анықтап алу үшін халық арасында сауалнама жүргізілгенін, әлеу­меттік зерттеулер «коммуналдық қызмет­тер бағасының қымбат болуы» ең өзекті мәселелер қатарында екенін айтқан болатын. Сөйтіп бұл мәселені Бас проку­ратура тексеріп, оның қорытындысы бұл мәселені Қауіпсіздік кеңесінің отырысына шығаруға негіз болып еді. Мемлекет басшысы Энергетика министрлігіне тұрғындар үшін электр энергиясының бағасын төмендетуге бағытталған шаралар қабылдауын тапсырды. Сондай-ақ тарифтерді белгілеуге бақылау жасайтын мемлекеттік органдардың жұмысын ширатуды шегелеп айтқан болатын.

AQJAIYQ телеарнасында тікелей эфирде өткен «Әкім сағатында» облыс әкімінен тұрғындардың бірі тарифтерді төмендету бағытында өңірде қандай шаралар атқарылғанын сұрады.

IMG_2684

-Президенттің тапсырмасына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар жүргізілді. Министрліктермен бірге тиісті шаралар атқарылды. Қаңтар айынан бастап электр қуатын тарату станцияларында тариф 15 пайызға, халыққа берілетін электр қуаты 10 пайызға (4039-дан 3900-ге), жылу 100 теңгеге, су қалада 10 пайызға, лифт қызметі 7 пайызға, ПИК (КСК) төлемдері 5 пайызға,  қоқыс шығару қызметіне төлемақы 10 пайызға төмендеді. Ауылдық жерде суға субсидия бөлінуде. Су бағасы мысалы 600 теңге болса, оны халыққа 50 теңгеден беріп отырмыз.

Биыл есептегіш құралдар орнатылу арқасында тұрғындардың 450 млн. теңгесі үнемделді. Тұрғындардан «Жайықжылуқуатқа» осынша қаржы жылдағыдан аз түсті, яғни халықтың қалтасында қалды. Себебі бұрын шаршы метр үшін төлесе, енді шын мәнінде тұтынған жылуына ақы төлей бастады,-деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.IMG_2623

 

 

 

 

- Әрине, қуат өндірушілерді де шығынға қалдырмай, мемлекет тарапынан оларға қолдау көрсетілуде. Мәселен, Белесте салынған газ турбиналы электр станциясы (ГТС-100) салынғалы қуатты сырттан алмайтын болдық. Өндіріс орнын салушылардың да салған инвестициясы, банктен алған қарызы бар. Сондықтан оларға да аса ауыр салмақ салмай, халыққа да ыңғайлы тариф белгілеп, екі тарапқа да зиян келмейтіндей тең қалыпта ұстап отырмыз. Бұл бағыттағы Елбасы тапсырмасын әркез қадағалауда болады, - деді облыс әкімі.

Нұрлыбек Рахманов,

сурет А.Куприенко

© zhaikpress.kz

IMG_2742

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram парақшамыз бен Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале