25.10.2019, 17:06
Оқылды: 359

БҚО-да жоғалған 2 жасар баланың денесі табылды

Екі жастағы Нұрислам Орынбасардың денесін сағат 15.50-де БҚО төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жайық өзенінің арнасы Қарасудан тауып алды.

tj

Айта кетейік, бүгін таңертең БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі Ақжайық ауданының Сарытоғай ауылдық округіне қарасты Жанама ауылында ағайынды қос бүлдіршіннің жоғалып кеткені туралы хабарлады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері бүгін сағат 11.10-да жоғалған екі баланың үлкені, 2014 жылы туған Бексұлтан Орынбасар Асқарұлының денесін Жайық өзенінің арнасы Қарасудан тауып алған еді.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале