14.06.2017, 16:38
Оқылды: 50

БҚО-дан Сенат депутаттығына 3 үміткер тіркеуден өтті

Облысымызда Сенат депутаттығына үміткер  кандидаттардың есімі белгілі болды. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметі облыстық филиалының алаңында өткен баспасөз брифингінде айтылды. Сондай-ақ облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға дайындық барысы туралы баяндады.brif

Ағымдағы жылы 29-сәуір мен 28-мамыр аралығында ҚР Сенатының депутатына кандидаттарды ұсыну жүргізіліп, біздің облысымыздан кандидат ретінде бес үміткер ұсынылған болатын. Барлық кандидаттар өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

- Облыстық сайлау комиссиясының қорытындысы бойынша үш үміткер (Н.Төреғалиев, В.Голоухов, Н.Сертеков) іріктеуден өтті. Ал  өз өтініштері бойынша М.Абдрахманов пен Қ.Бозымов өз кандидатураларын алып тастады. Маусым айының 8-нен бастап 27-не дейін  сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілетін болады, соған сәйкес  таңдаушылармен кездесу өткізу кестесі бекітілді. Жоспарға сай бұқаралық ақпарат құралдарында облыстық сайлау комиссиясының құрамы мен тіркелген кандидаттар туралы мәліметтер жарияланды- деген Ғайса Хамидоллаұлы, сайлау жұмысына дайындық алдағы күндері күнтізбелік жоспарға сай жалғасатынын жеткізді.

Жиын соңында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы журналистердің сұрақтарына жауап берді.

 Ләззат ШАҒАТАЙ,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале