12.09.2019, 15:45
Оқылды: 108

БҚО денсаулық сақтау басқармасы дәрі жетіспеушілігіне қатысты түсінік берді

2019 жылдың 11 қыркүйегіндегі «Орал апталығы» газетінің №36 санында «Күте тұрыңыз немесе сатып алыңыз!» мақаласы жарияланған. Мақалада емделушілер қаладағы №3 емханаға дәрі-дәрмектің уақтылы түспейтінін айтып шағымданған, деп хабарлайды БҚО денсаулық сақтау басқармасы.

lekarstva

Осыған байланысты БҚО денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, артериалды гипертензиямен, жүректің ишемиялық ауруы және қант диабетімен ауыратындардың санының көбейгендіктен дәрі-дәрмектер жетіспейді.

Аталған аурулармен тіркелген науқастың саны бір емханада 500 адамға жуық. Бұл науқастар үшін қосымша өтініш жасалады. Кейін бірегей дистрибьютор СК-Фармация арқылы дәрі-дәрмек емханаға жеткізіледі.

Мақалада аты аталған Нина Воробьева гипотензивті және қант деңгейін төмендететін препараттарды ай сайын алады. Оған дәрілердің соңғы рецепті тамыз айында берілген. Қыркүйек айының басында бұл науқасқа қолдан жазылған рецептпен бір препарат берілген. Ал жаңадан жеткізілген дәрі-дәрмек дәрілік қамту ақпараттық жүйесіне енгізілмегендігіне байланысты электронды рецепт жазуға техникалық мүмкіндік болмаған.

Сондай-ақ дәріханалар бейнебақылау камераларымен толық жабдықталған. Дәріханада сақталған жазбаларда науқастың есінен танып құлаған жағдайы расталмады. Воробьеваның жұбайы да ай сайын тегін дәрі-дәрмек алады. Науқастың сөзіне қарағанда, олар бір дәріні екіншісіне ауыстыруды сұрайды. Сондықтан дәріні алу кезінде қиындықтар туындаған. Өйткені оған қосымша өтініш жасау қажет.

Мақалада аталған Софья Шубина «Медициналық орталық» ЖШС-ға тіркелген. Оның айтуынша, ол аталған газетке ешқандай түсініктеме бермеген және медициналық мекеменің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуіне шағымдары жоқ.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, №3 емхана басшылығы «Орал апталығы» газеті жалған және расталмаған мәліметтер жарияланғаны үшін қалалық басылым үстінен сот ісін қозғамақ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале