15.02.2019, 12:11
Оқылды: 90

БҚО-ның жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына басшы тағайындалды

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, конкурстық комиссияның шешімі бойынша Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы лауазымына  Мұрат Амангелдіұлы Умралеев тағайындалды.

bb - копия
Білімі - жоғары. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «тарих», «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Әр жылдары ​Шыңғырлау ауданы ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, ​Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, меңгерушісі, Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау, кадр жұмысы және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің меңгерушісі, Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы, қала әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс жасады.
2015 жылдың шілдесінен бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале