19.04.2018, 17:05
Оқылды: 29

БҚО: жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдары үлесін  28,5%-ға жеткізу жоспарда

 

DSC_0080БҚО автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы М.Шақаев осылай деді.

«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде Батыс Қазақстан облысы аумағында республикалық маңызы бар «Орал-Каменка-РФ шекарасы» 100 шақырым автожолын қайта жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылуда. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны - 23,2 млрд. теңге. Жобаның орындалуы 2015-2019 жылдарға көзделген.

2015-2016 жылдары 8,5 млрд. теңге бөлінген және игерілген. 2017 жылы 6,6 млрд. теңге бөлініп, игеріліп, 15,2 шақырым жол қайта жаңғыртылды. Нысанда 290 адам жұмыс істеген. Ұзындығы 27 шақырымдық (4-31 шақырымдар) телім 2017 жылдың 20 қазаны күні пайдалануға тапсырылды. 2018 жылы 56,3 шақырым жолды қайта жаңғыртып, нысанды пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Бүгінгі күнге 4,9 млрд. теңге қаражат бөлінген, жыл ішінде қосымша қаржыландыру жоспарда.

Жол II техникалық санатқа қайта жаңғыртылады. «Орал-Каменка-РФ шекарасы» автожолын қайта жаңғырту жобасы аяқталған соң жолдың жүретін бөлігінің ені 7,5 метрге ұлғайып, оське түсетін 13 тонна жүк-салмағымен асфальтбетон жабындысымен қамтамасыз етілетін болады. 20 жылға есептелген қозғалыс қарқындылығы – 4403 авт/тәулік. Сонымен қатар, жобада Ресей Федерациясымен шекарадағы «Тасқала» өткізу пунктінде жолақтар саны арттырылады, ол шекарада автокөліктер мен жолаушылардың кептелісі орын алмуына көмектеседі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале