7.03.2017, 15:55
Оқылды: 46

Еділ суына тәуелділік азаймақ

Бұл туралы ОКҚ-ның БҚО филиалы алаңында өткен брифингте облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов айтты.


 - Ресей Федерациясынан алынатын Еділ суына тәуелділікті азайту және облыстың оңтүстік аудандарын сумен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында 2010 жылы жалпы ұзындығы 180 шақырым болатын «Қазталов ауданы Ақпәтер ауылы маңындағы Үлкен өзенге Жайық-Көшім жүйесінен суды бассейнаралық жіберу үшін Киров-Шежін каналын қайта жаңғырту» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі жасақталды. Ағымдағы жылы бұл жұмыстарды аяқтауға республикалық бюджеттен 61 млн. теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта жобаның 3-кезеңінің құны 2 млрд. 401 млн. теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Ағымдағы жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға 1 500 млн.теңге бөлінді. Бұл жоба толық іске асқан кезде Үлкен және Кіші өзендерді толтыру үшін Ресей Федерациясынан жыл сайын ақылы алынатын 107 млн. текше метр суды 20 млн. текше метрге дейін кемітіп, 36 мыңнан астам тұрғыны, 354 мың бас малы және ауыз сумен қамтамасыз ететін қолданыстағы 12 жергілікті су тазалау ғимараттары бар 2 ауданның халқын, мал шаруашылығын және осы өзендер сағасындағы көлдердің сумен қамтамасыз етілуіне септігін тигізіп, Еділ суына тәуелділігімізді азайтып, жыл сайын 305 млн.теңге үнемделеді. Атқарылған жұмыстармен қоса осы жылға жоспарланған іс-шаралар түгел іске асқан жағдайда 63 803 га лиманды және 11 603 га тұрақты суармалы жерді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады, - деді Арман Өтеғұлов.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

 zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале