11.07.2018, 14:15
Оқылды: 59

Елбасы батысқазақстандықтарға Астанаға тартуы үшін алғыс айтты

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің атына келген алғыс хатта былай деп жазылған:


Құрметті Алтай Сейдірұлы!

Сізді және бүкіл Батыс Қазақстан облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы – барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш.

Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты.

«Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Батыс Қазақстан облысы да елордаға ерекше сый жасады.

«Ақжайық» саябағы әсем астанамызды одан әрі көгалдандырып, көркейте түсті.

Ұлы Отан соғысының батыры Мәншүк Мәметованың ерлігін мәңгі есте сақтау мақсатымен қазақ халқының қаһарман қызына Орал жұртшылығы орнатқан ескерткіштің символдық мәні зор.

Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Н.Назарбаев

IMG_4097

IMG_4049

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале