12.08.2017, 14:42
Оқылды: 61

Еңбек ардагері тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды

            Бүгін облысқа белгілі еңбек ардагері, өңіріміздің  астық өндіру саласында басшылық қызметтер атқарған  Сағидолла Жақсығалиевтің есімін ұлықтау мақсатында  бір кездері өзі тұрған Достық даңғылы, 206-үйге ескерткіш-тақта қойылды.

            Ескеркіш тақтаның ашылу рәсіміне арнайы келген  облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов ізгі ниет, ыстық ықыласпен өтіп жатқан игі шара көпшіліктің жадында ұзақ жылдар сақталатындығын айтып, жарқын бейненің есімін жаңғыртып жүрген көзкөрген достарына ризашылығын білдірді.  Шарада Сағидолла Жақсығалиевтің үзеңгілес достары сөз алып, сол бір шақтардан әдемі естеліктер айтты.

Ескерткіш тақтаны ашу құрметі Сағидолла Жақсығалиевтің досы Рахметолла Хамитұлы мен үлкен ұлы Азамат Жақсығалиевке берілді.

-Бүгін біздің әулет үшін есте қаларлық күн. Өйткені әкеміздің  есімі ұлықталып, бір кездері өзі тұрған үйдің жанына ескерткіш-тақта ілініп жатыр. Осындай шараны ұйымдастырып, әкеміздің есімін ұмытпай, жаңғыртып жүрген достарына, жерлестеріне  ризамын.  Әкеміз жұмыскер адам еді. Ол бар өмірін қызметке арнады. Оның алған марапаттары да көп болатын. Біз  әкемізді мақтан етеміз. Осындай шараны ұйымдастырған достары мен облыс басшылығына алғыс айтамыз, -деді Азамат Сағидоллаұлы.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале