15.03.2017, 9:59
Оқылды: 78

Еркін күрес шебері Асқар Сәукелин ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанды

Jattiktirushi   Батысқазақстандық еркін күрес бапкері Асқар Сәукелинге ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді.

  БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Асқар Төлегенұлы Сырым ауданы Бұлдырты ауылында көп жыл жемісті еңбек етіп, балаларды күрес өнеріне баулыды. Оның бұл еңбегі текке кеткен жоқ. Шәкірттерінің ішіндегі ең атақтысы, қазір Астана қаласында тұратын Нұрлан Бекжанов 2016 жылы еркін күрестен Будапеште өткен әлем чемпионатының финалына дейін жетіп, қазақ палуандары арасында тұңғыш рет күміс жүлдегер атанды.


   Асқар Сәукелиннің өзі де жас кезінде күрескен. Украина елінің Одесса қаласында әскери борышын өтеп, сондағы педагогикалық институтта оқыған А. Сәукелин - еркін күрестен КСРО спорт шебері. Қазіргі таңда тәжірибелі бапкер жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резерві мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде жаттықтырушы қызметін жалғастырып келеді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале