14.11.2017, 18:15
Оқылды: 53

Иран еліне қой еті жөнелтілді

Бүгін Орал қаласындағы «Кублей» ЖШС өндірген қой еті Иран еліне жол тартты. Өңірден үшінші мәрте жөнелтілген ет төрт тәулікте Иран еліне жетіп, дүкен сөрелерінен табылмақ.

Экспорттаушы компания өкілінің айтуынша, ол жақта біздің өңірде өндірілген қой етіне деген сұраныс жоғары. Ағымдағы жылдың қырқүйек айынан бері үш мәрте қой еті жөнелтілген болса, жыл соңына дейін 200 тонна ет жіберуге келісімшарт жасалған. Бүгінгі жіберілген 18 тонна вакумдалған қой еті мұздатылған түрінде жіберілді. Болашақта сиыр етінде сол елге жеткізу туралы келісім жүргізілуде.

Нұрбек Оразаев

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале