13.05.2017, 14:33
Оқылды: 32

Ирандық инвесторлар БҚО-да жаңа зауыт ашпақ

IMG-20170513-WA0040Батыс Қазақстан облысында қазақ-иран-канадалық "QazChem" кəсіпорны құрылады. Аталған зауыт мұнай-газ компанияларын қазақстандық жоғары сапалық химиялық өніммен қамтамасыз етеді. Бұл туралы жаңа компанияның басшылығы мен БҚО əкімі Алтай Көлгіновтің кездесуінде айтылды.


 

Жаңа кəсіпорынның ашылуы -  облыстық əкімдіктің инвестиция тарту бағытындағы жүйелі жұмыстарының нәтижесі. Айта кетейік,  2016 жылдың тамызында өңір делегациясы Иранда болып, келіссөз жүргізіп қайтқан болатын.

- Өткен жылы Президентіміз Н.Назарбаев Иранға жұмыс сапары барысында екі ел арасындағы бизнестік ортаны дамыту жөніндегі ойын баса айтты. Ізінше БҚО делегациясы ирандық инвесторлармен кездесті. Міне, нəтижесін көріп отырсыздар. Қазақ, иран және канадалық əріптестер тиісті құжаттарға қол қойып, кəсіпорын нысандарының құрылысын бастап кетті. Ирандық инвесторлардың біздің өңірді таңдағанына қуаныштымыз, - деді өңір басшысы А.Көлгінов.

IMG-20170513-WA0053- Əрине, біз ең бастысы қоршаған ортаға залал тигізбеудің жолдарын қарастырдық. Кəсіпорынның жобасында оның орналасуы ҚР заңы талаптарына қайшы келмейді, - деді "QazChem" компаниясының директоры басшысы Алиреза Сойед Хосейни.

Аталған компанияның дамыту жөніндегі директоры Ғайса Жұмалиевтің айтуынша, кəсіпорынның БҚО-да орналасуы өнімді тасымалдау кезіндегі жол шығынын азайтуға сеп болады.

IMG-20170513-WA0059- Жақын арада компанияның кəсіпорын базасында мұнайды дайындау және химиялық реагенттерді сақтайтын цех салынады. Кəсіпорын ашылысымен, жаңа 50 жұмыс орны құрылады. Зауыттың шығаратын өнімі Қазақстандағы химиялық өнімге сұранысты қанағаттандырады деп есептейміз, - деді ол.

Кездесу соңында кəсіпорын құрылысының жобасы қарастырылып, бастапқыда тартылатын инвесторлар мен мамандар жайы, өзге де мəселелер талқыланды.

zhaikpress.kz

Суреттерді түсірген Айбатыр Нұраш

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале