29.04.2019, 18:38
Оқылды: 31

Қазақстанға ресейлік сайттың экспедициясы келді

ТМД-дағы ең үлкен саяхат туралы қоғамдастықтың бірі - tourister.ru сайтының экспедициясы Астрахань қаласынан шығып, Қазақстанның батысына келді.

789_600_fixedwidth

Аталмыш сайт әлеуметтік желідегі танымал, көп функционалды ресурс. Онда пайдаланушылар саяхатты жоспарлауға қатысты ақпаратқа қанығып, жаңалықтарымен де бөлісе алады.

Кеше 22 туристен құрылған топ шекарадан өтіп, Атырау қаласына жетті. Енді саяхатшылар 13 күн бойы Батыс Қазақстанды аралайды. Тарихи жерлердің тізімінде Тұзбайыр, Айрақты, Шерқала, Торыш, Жығылған, Шақпақ ата қорымы, Кенті баба, Сұлтан үпі, Боқты, Босжыра, Ақкегершін, Ақтоғалай бар.

Бұл туристік ресурстың тарихындағы алғашқы экспедиция екенін атап өткен жөн. Сондықтан «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы жобаға ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау көрсетуде.

Экспедицияның өту барысын инстаграмдағы @kazakhtourism_official мен @tourister.ru ресми парақшаларынан көре аласыз.

«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы

афиша туристер кт

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале