13.07.2019, 15:11
Оқылды: 391

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауына 40 кәсіпорын қатысты

Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқау көрмесі өтті. Көрмеге азық-түлік, тұрмыстық тауар және өндіріс жабдықтарын шығаратын 40 кәсіпорын қатысты.

IMG-20190713-WA0046

Күзде байқаудың республикалық кезеңі өтеді және ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының иегері анықталады. Облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов көрмедегі тауарлармен танысқан соң, жергілікті кәсіпорындарының әлеуетін арттыру басты мақсат екенін айтты.

Өңірлік байқау қорытындысында «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымын «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «Орал сауда өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымын «KazStepServise» ЖШС, «SaRi Suppliers Plus» ЖШС, «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымын «Белес Агро» ЖШС, «Каверина С.В.» ЖК, «Талецкий» ЖК иеленді. Аталған қатысушыларға «Қазақстанның үздік тауары» ескерткіш белгісі берілді.

Нұртай Алтайұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале