2.02.2018, 11:57
Оқылды: 21

Қазталовтың шаруалары былтыр 450 млн. теңгеге мал сатып алған

Бұл жайлы аудан әкімі Абат Шыныбеков халық алдындағы есебінде айтты. Есептік жиынға облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысуда.

 Қазталов ауданында «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Ынтымақ», «Бірлік», «Іскер» бағдарламалары арқылы 86 шаруашылық құрылымы 450 млн. теңге несиеге қол жеткізіп, осы қаражатқа 1800 бас ірі қара, 400 бас қой, 96 бас жылқы сатып алған.

- 2017 жылдың өткен кезеңінде «Береке» несиелік бағдарламасы шеңберінде 49 адам 156,6 млн. теңгеге 858 ірі қара мал сатып алды. Қазір мал бордақылау алаңдарында 1200 бас бордақылануда.

Сонымен қатар «Қанат» бағдарламасы арқылы 8 шаруа қожалығы 40,6 млн. теңгеге ауыл шаруашылық техникаларын сатып алды.

Өткен жылы 78  шаруашылық 167,1 млн теңге инвестсубсидия алуға қол жеткізсе, ауданның ауылшаруашылық тауарын өндірушілеріне өткен жылы 612,0 млн. теңге көлемінде субсидия төленді,-дейді аудан әкімі Абат Шыныбеков.

Аудан бойынша бруцеллез ауруына зерттелген ірі қара малдың 1643-нен ауру анықталып, жұғу пайызы 1,5%-ды, ұсақ малдың 213-нен аурулар анықталып, жұғу пайызы 0,06%-ды көрсеткен. «Бұл бізді қатты алаңдатуда» дейді аудан әкімі.

zhaikpress.kz

Сурет: Айбатыр Нұраш

kaztalov (9) kaztalov (11) kaztalov (15) kaztalov (17) kaztalov (5)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале