12.05.2020, 15:15
Оқылды: 1553

Коммуналдық қызмет төлемақысын өтеу үшін тұтынушылар 15000.kz сайты немесе 109 call-орталық арқылы өтінім бере алады

Коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша халықтың төлемақысын өтеу үшін тұтынушылар (немесе олардың заңды өкілдері) жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және есепшотының деректерін көрсете отырып 15000.kz сайты арқылы немесе 109 call-орталық арқылы өтінім бере алады.

5C8696B0-D520-4C65-AD86-51A70139B22C

Коммуналдық қызметті жеткізушілерде есепшот болған кезде коммуналдық қызметтер бойынша өтеуге құқығы бар адамдардың онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің санаты:

1) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

3) мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар;

4) көпбалалы отбасылар;

5) ең төмен және аз зейнетақы алатын, жалғызбасты зейнеткерлер;

6) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.

Сall-орталық арқылы өтінім беру жағдайда ауызша өтінім беру жеткілікті және қосымша басқа құжаттар ұсынудың қажеті жоқ.

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале