1.12.2017, 10:28
Оқылды: 45

Құрметті батысқазақстандықтар!

FB_IMG_1512108911010-1Сіздерді Тұңғыш Президент күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!


Биыл бесінші жыл қатарынан мейрам ретінде аталып отырған Тұңғыш Президент күні халқымызды біріктіретін мемлекеттік деңгейдегі мерекеге айналды.

Елбасымыздың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен даму кезеңіндегі ролін халқымыз әрдайым жоғары бағалайды.
Бүгінде Қазақстан қарышты дамуы дүниежүзін таңғалдырған, өзіндік айқын бағыты бар егемен ел ретінде қалыптасты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі мен жүргізіп отырған саясатының арқасында әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуда зор жетістіктер көп. Еліміздің биік белестерден көрініп, жыл сайын дамудың жаңа сатысына көтерілуі – туған халқының көреген көшбасшысы, жарқын істердің жасампаз тұлғасы - Елбасы мен оған қолдау көрсеткен халықтың бірлігінің нәтижесі екені сөзсіз.

Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, тәуелсіз елдің өркендеуі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін.

Құрметпен,

БҚО әкімі А.Көлгінов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале