7.04.2017, 18:32
Оқылды: 343

«Дублер күні»

Halikka kizmet korsetu ortaligi   Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының барлық басшылық құрамы «Дублер күніне» қатысты. Осылайша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті директоры Марат Бассаров бірнеше сағатқа ХҚКО кеңесшісіне айналды, ал оның орынбасарлары өз қолымен жылжымайтын мүлікті тіркеу, кепілді тіркеу және басқа да мемлекеттік қызметтер бойынша құжаттар қабылдады.


         Бассаровтың айтуынша, «Дублер күні» бүгін бүкіл Қазақстан бойынша ХҚКО бөлімдерінде, әлеуметтік төлемдердің есеп айырысу орталықтарында және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменттерінде жүргізілуде.

-Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылғанына бір жыл» және біз бұл күнді өзіміздің қызметкерлерімізбен бірге алдыңғы қатарда өткізуді шештік. Бүгін барлық директорлар мен олардың орынбасарлары бірнеше сағатқа өздерінің лауазымдық міндеттерін ауыстырып, жұмысқа шықты. Бұл бізге халықтан кері байланыс алуға және тұтынушылардың артықшылықтарын көбірек білуге мүмкіндік береді,- деді Марат Бассаров.

         Бүгінде облыс бойынша 546 мемлекеттік қызметтерді көрсететін 14 фронт-офис жұмыс жасайды. БҚО бойынша «ХҚКО» департаменті өзінің бір жыл жұмысы ішінде 1 миллион 200 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале