4.04.2018, 10:27
Оқылды: 22

Мемлекеттік гранттарды ұсыну үшін конкурсты өткізу туралы хабарландыру

grantКонкурс ұйымдастырушысы:

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы

Мекен-жайы және пошталық мекенжай: 090006; Орал қаласы, Х.Чурин көш., 116, каб. 108;

Байланыс телефоны: 506436.

Конкурс тақырыбы: ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне, жас кәсіпкерлерге (29 жасқа дейін), әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға экономиканың басым секторлары шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік гранттар беру

Конкурс түрі: Ашық конкурс

Конкурсқа қатысу шарттары: конкурсқа ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілері, жас кәсіпкерлер (29 жасқа дейін), әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім тапсыру орны:

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы

Конкурстық құжаттарды тапсыру тәртібі:

конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайы бойынша өзі, пошта немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімдері:

2018 жылдың сәуір айының 2 жұлдызынан 2018 жылдың 1 мамырына дейін (қоса санағанда) жұмыс күндері сағат 09.00-ден бастап сағат 18.30-ге дейін (жергілікті уақыт)

Өтінімдерді тапсыруды бастау уақыты және күні:

2018 жылдың 2  сәуірінен сағ.09.00-ден бастап (жергілікті уақыт)

Өтінімдерді тапсыруды аяқтау уақыты және күні:

2018 жылдың  1 мамыры сағ.18.30-ге дейін (жергілікті уақыт)

Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.business-bko.gov.kz сайтында танысуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале