21.02.2019, 15:02
Оқылды: 29

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауы өтеді

Жалпы ережелер

1.Осы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық конкурсының
қағидалары Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында әзірленген.

til

 

  1. Конкурсты өткізудің мақсаты мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, қазақ тілді контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту болып табылады.
  2. Конкурс төрт номинациядан тұрады:

1) «Үздік мақала»;

2) «Үздік телебағдарлама»;

3) «Үздік радиобағдарлама»;

4) «Үздік сайт мақаласы».

4.Конкурсқа мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау, оның қолданыс аясын арттыру бойынша БАҚ-та материалдар жариялаған журналистер қатыса алады.

5.Алдыңғы конкурстардағы бас жүлдемен марапатталған жеңімпаздар Конкурсқа қатыстырылмайды.

 Конкурсты ұйымдастыру тәртібі

  1. Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.
  2. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру 2019 жылдың I тоқсанының соңына дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және
    басқарманың ресми сайтында бір ай бұрын орналастырылады.
  3. Конкурсқа қатысу үшін конкурс Қағидасының 3-тармағында көрсетілген төрт номинацияның біреуі бойынша жазбаша түрде Комитетке 2019 жылғы 4 мамырға дейін мынадай құжаттармен бірге беріледі:

1) өтінім (осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша);

2) 2018 жылғы 11 маусым мен 2019 жылғы 1 мамыр аралығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген екі материалды, соның ішінде радио және телебағдарламаларды, мемлекеттік тілдегі сайттардағы және мерзімдік баспасөздегі жарияланған мақалаларды;

3) мақала жарияланған газет-журналдар, сайттардың скриншоттары, бағдарламалардың DVD дискідегі жазбасы, мақалалардың «Word» форматындағы электрондық нұсқалары;

9.Конкурс Қағидасының 8-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім конкурсқа қатыстырылмайды.

10.Басқармаға ұсынылған құжаттар кері қайтарылмайды.

Қорытынды ережелер

11.Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды

анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, журналистика салаларының білікті мамандарынан, ғалымдардан, зиялы қауым өкілдерінен кемінде бес адамнан тұрады. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде рәсімделіп, қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды. Қазылар алқасы мүшелері Конкурсқа қатысушылардан түскен материалдар негізінде дауыс беру арқылы Конкурстың төрт номинациясы бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде рәсімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды. Конкурстың марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі.

12.Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.

13.Конкурстың жеңімпаздары туралы ақпарат конкурс біткеннен кейінгі 10 жұмыс күннің ішінде басқарманың ресми сайтында орналастырылады.

Батыс Қазақстан облыстық

тілдерді дамыту басқармасы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале