5.07.2017, 20:09
Оқылды: 111

Мереке қарсаңындағы қоныс той

уйй 02    Астана күніне орай Орал қаласында тоғыз қабатты көп пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Айта кетелік, бұл 144 пәтерлі тұрғын үй «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшыларына және тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға арналған.

     Шараға облыс әкімі Алтай Көлгінов, Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова және «Бәйтерек Девелопмент» АҚ-ның техникалық бақылау дирекциясының директоры Нұрахмет Митебаев қатысты.

  - Құрметті батысқазақстандықтар және өңір тұрғындары! Баршаңызды Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы  - Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта экономикалық, саяси, әлеуметтік жағынан үлкен даму жолынан өтіп, Елбасының парасатты саясаты арқасында еліміз халықаралық деңгейдегі дамыған ел деп танылды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында маңызды міндеттерді жүктеп, еліміздің дамуы мен экономикалық ілгерілеуіне барша қазақстандықтарға жол көрсетіп берді. Бүгінгі шара соның бір дәлелі. Тұрғын үйлер құрылысы Қазақстанның даму стратегиясының басты бағыттарының бірі және жалпыұлттық мәнге ие маңызды жұмыстардың қатарында. Бүгін Елорда күні мерекесіне орай «Нұрлы жер» және «Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы  бойынша «Караванный путь» ЖШС тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға және «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшыларына арнап 9 қабатты 144 пәтерлі  тұрғын үйдің құрылысын аяқтап отыр. Сонымен қатар  Елбасымыздың қабылдаған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында  биыл 11 көп қабатты үй салынуда. Он тұрғын үй облыс орталығында болса, бір көп қабатты үй Ақсай қаласында бой көтермек. Аталмыш тұрғын үйлердің құрылысына 10  млрд. теңгеден  астам қаржы бөлінді. Сонымен қоса  сегіз ауданда 121 үйдің құрылысы қолға алынса, оған тағы да 2 млрд. теңгеден астам қаржы құйылды. Жалпы алғанда, биыл облыс аумағында 17 көп пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Мұның барлығы Президентіміздің халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, тұрғын үйге, баспанаға мұқтаж азаматтар үшін жасалып жатқан мемлекеттік қамқорлық деуге толық негіз бар. Бұл жұмыстарға  атсалысып жатқан барлық құрылыс компанияларына, жеке инвесторларға және өңірімздегі барлық құрылыс комбинаттары мен зауыт басшыларына алғыс айтқым келеді. Елорда мерекесі қарсаңында Ақсай қаласында 320 орындық заманауи технологияда салынған және үш тілде білім беретін балабақша пайдалануға берілді.  Ендеше, жақсы жаңалықтарымыз көп болсын, әрқайсыңыздың шаңырақтарыңызға шаттық  тілеймін, баспаналарыңыздың  іші құт-берекеге  толы болғай! - деген Алтай Сейдірұлы пәтер иелерін жаңа баспаналарымен құттықтады.

уйй 03  Ал  «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова аталмыш банктің өңірдегі салымшылары 47 мыңға жеткендігін және мелекеттік бағдарламаны жүзеге  асыруда  батысқазақстандық  салымшылардың  үлесі  зор екендігін айтып өтті. Оның айтуынша,  биылғы жылдың тамыз айында «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» миллионыншы есебі ашылмақ.

    Бұдан кейін өңір басшысы Алтай Көлгінов жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін табыс етті. Бұлардың арасында ХХХІ жазғы олимпиада ойындарының қола жүлдегері Екатерина Ларионоваға да уәделі бір бөлмелі пәтердің кілті бұйырды.

Ләззат  ШАҒАТАЙ

Суретті  түсірген  Темірболат  ТОҚМАМБЕТОВ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале