8-707-808-48-55
14.06.2019, 10:40
Оқылды: 60
Мина туралы ақпарат БҚО-да да расталмады

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының ғимаратына бомба қойылғаны туралы хабар жалған болып шықты, деп хабарлайды Жайық Пресс ақпараттың агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

мина

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 13 маусым күні сағат 15.30-да ҚР Бас прокуратурасынан облыстық прокуратура ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен. Сол бойда оқиға орнына тиісті қызметтер жетіп, ғимарат қоршауға алынды.

 «Ғимараттан 42 адам эвакуацияланды. Тексерістен кейін бомба қойылғаны туралы хабар расталмады. ҚР ҚК 273-бабына (терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған бап бойынша айыпты деп танылған адам бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратураларының ғимараттарына да жарылғыш заттар қойылғаны туралы ақпараттар алынған болатын. Прокуратура қызметкерлері дереу эвакуацияланды. Тексеріс нәтижесінде екі өңірде де қауіпті заттар анықталмады. Ал Алматыда телефон лаңкестері сот ғимараттарын «миналаған». Нысандардан адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп, көліктер қашықтау жерге апарылды. Арнайы мамандар хабарламаның жалған екендігіне көз жеткізді.

 

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар