10.12.2016, 20:20
Оқылды: 69

Батысқазақстандық самбошылар - ел чемпионы!

fb_img_1481394830739-18-11 желтоқсан аралығында Талдықорған қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында батысқазақстандық палуандар табысты өнер көрсетуде.


БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағанындай, дүбірлі бəсекеде Әйгерім Телемгенова (56 кг), Нұрхан Мағзомов (57 кг), Аңсарбек Ғайнуллин (74 кг), Еркебұлан Қалеш (82 кг), Темірлан Көлбай (100 кг) өз салмақ дәрежелерінде топ жарып, ел чемпионы атанды.

fb_img_1481395920759-1Сонымен қатар  Құралай Қабырайқызы (60 кг) күміс жүлдегер атанса, Нұрымжан Ғаббасов (90 кг), Гауһар Сағадат (72 кг) қола медальды қоржынға салды.

Жарыс қорытындысы бойынша, БҚО құрамасы 5 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен командалық есепте бірінші орынды иеленді

Батысқазақстандық палуандардың толайым табысқа жетуіне бапкерлер Альмира Исатаева мен Бірлес Есенғалиевтердің сіңірген еңбектері зор екендігін атап айтқан абзал.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале