14.11.2016, 16:53
Оқылды: 18

Oблыстық әкімдікте өткен жиында Орал қаласындағы тамақтан жаппай улану мәселесі сөз болды

burgerАталған жағдай бойынша Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент өкілдері баяндады.

«Оралдағы кафелердің бірінен тамақтанған барлығы 29 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түсіп, 24 науқастан сальмонеллез ауруы анықталды» деді қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Мәдениет Танауов.

Орта және шағын бизнесті қолдау үшін шығарылған заңдар бойынша шағын тамақтанатын орындарға санитарлық тексеріс жүргізе алмайтынын айтқан БҚО бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Алтын Орынғалиеваға облыс әкімі Алтай Көлгінов нақты тапсырмалар жүктеді.

«Біз орта және шағын бизнес өкілдеріне барлық жағдайды жасап отырмыз. Бірақ бизнес өкілдері де өз жауапкершіліктерін терең сезіну қажет. Ең бастысы – тұрғындардың денсаулығы. Тамақтанатын орындардың барлығы санитарлық талаптарға сай болуы керек. Біз тамақтанатын шағын орындарға санитарлық аудит жүргізе аламыз. Сондықтан облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы бірлесіп, қараша айының соңына дейін облыс орталығындағы және аудандардағы көпшілік жерлердегі тамақтану орындары бар бизнес өкілдерінің әрқайсымен жеке кездесу арқылы санитарлық талаптарды қадағалауды, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын. Ал осы оқиғаға байланысты заңға сәйкес шараларды қолға алу керек» деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Жарқын Түсіпбекұлы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале