19.08.2019, 12:10
Оқылды: 303

Облыс әкімі төтенше жағдай кезінде аянбай еңбек еткен қызметкерлерге алғыс білдірді

5 тамыз күні облыс орталығында желдің жылдамдығы 28 м/с жетіп, салдарынан шаһардың төрт мың абоненті электр энергиясынан ажыраған еді. Табиғаттың тосын мінезінен орын алған мәселелерді шешуде уақытпен санаспай еңбек еткен қызметкерлерге облыс әкімі Ғали Есқалиев арнайы барып, алғыс айтты.

IMG_4163

-Осыдан екі апта бұрын облысымыз бойынша қатты жел тұрып, теректер құлап, электр желілері үзілді. Орал қаласы бойынша электр желісі 100-ден астам жерден үзілді. Осындай төтенше жағдайлар кезінде «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату» компаниясының, «Қалалық электр желісі» акционерлік қоғамының, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен «Жайық Таза қала» ЖШС қызметкерлері ұйымдасқан түрде ортақ мүдде үшін бір кісідей атсалысты. Күн-түн демей еңбек еткендеріңіз үшін облыс тұрғындары атынан алғыс айтамын. Болашақта табиғат «тосын мінезін» көрсетпесін деп тілейік. Жұмыстарыңызға сәттілік, отбасыларыңызға амандық тілеймін,- деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

IMG_4114

Шара барысында бірқатар қызметкерлер облыс әкімінің алғыс хатына ие болды. Олардың қатарында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері  Жанболат Ізбасаров, Шайдолла Түменов, Тимур Бегалиев, сондай-ақ  «Жайық Таза қала» ЖШС-дан   Мұрат Жұмашев, Мұстафа Мағзомов, Саин Үмбетов, «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ бойынша Ғалымбек Есқалиев, Андрей Лютиков, Владимир Лысюнинко, Бекболат Ғалиев секілді азаматтар болды.

-Сол күндері  Орал қаласы бойынша 12 бригада таңғы сағат 07.00-ден түнгі 23.00-ге жұмыс жасадық. Алғашқы екі күн құлаған ағаштардың салдарынан  үзілген  электр сымдарын жалғадық. Өйткені, тұрғындар  ашық жатырған жоғарғы кернеулі электр тогына соғылып қалуы мүмкін еді.  Жарық болмаса қалада су да, байланыс та болмайды. Туындаған мәселе дер кезінде шешілуі үшін  бірнеше мекеменің қызметкерлері атсалысты. Жұмысшылардың уақытын үнемдеу үшін тамақтандыру пункттері ұйымдастырылды. Ортақ мүдде үшін ұйымдасқан жұмыстың нәтижесінде электр желілері қайта қалпына келтірілді, - деді тілшілерге берген сұхбатында «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ қызметкері Андрей Лысюнинко.

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

IMG_4173 IMG_4153 IMG_4145 IMG_4123 IMG_4108

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале