29.11.2018, 10:22
Оқылды: 66

Облыс тұрғындарының назарына!

 Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

jol

         Бір тәуліктен бойы толассыз жауған қар мен ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты қаланың коммуналдық қызметтері ауа-райы салдарын жоюда.

         Орал қаласының әкімдігі мен қалалық коммуналдық кәсіпорындар тәуліктік жұмысқа көшті. Қар тазалау жұмысына 100-ден астам теxника мен 300 жұмысшы тартылды.

         Жазатайым оқиғалар орын алмас үшін жолдар мен жаяужүргіншілер жолында сақ болғаныңыз жөн. Қар тазалау жұмыстарына кедергі келтірмес үшін жолдың шетіне автокөлігіңізді қалдырмауыңызды сұраймыз.

         Жауын-шашын әсерінен облыстағы автокөлік жолдары көктайғақ. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жол ережесін сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды ескертеді.

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале