13.08.2020, 10:54
Оқылды: 82

Облыс жастары азық-түлік кәрзеңкелерін таратты

Халықаралық Жастар күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысы жастары ұйымдары бірлесіп, әлеуметтік осал топтағы отбасыларға азық-түлік кәрзеңкелерін табыстады.

Қайырымдылық

Жастар тек қана флешмобтар мен ойын-сауық кештерінің қатысушысы емес, елінің болашағы үшін аянбай еңбек ететін қайырымды жандардың бірегейі екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

- Пандемия басталғалы бері Ақ Жайық жастары, оның ішінде еріктілер қайырымдылық шараларының бастамашысы боп келеді. Әсіресе, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және де даму мүмкіндегі шектеулі, көмекке зәру жандарға қолұшын созудан аянған емес.

Қайырымдылық – ізгі қасиет. Бұл қасиет бізге ата-бабамыздан дарыған. Бәсекеге қабілетті қоғамда ел болашағы жастар ізгілікке құштар болса, олар өмірдің мән-маңызын түсінеді деп ойлаймын. Айналаңа қолұшын созу – шаттыққа кенелумен бірдей.

Біз, қашан да осы жолдан таймай, ізгілікті іс жасауға атсалыса бермекпіз. Бірлігі жарасқан Ақ Жайық жастарының жақсы жаңалықтары көп болсын! – дейді жастар белсендісі Ерлік Шамғали.

Айта кету керек, облыс жастары бұған дейін де көптеген ізгілікті шаралардың ұйытқысы, бастаушысы болды. Сол себепті де жастар шарапатын көрген жандардың оларға айтар алғысы шексіз.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале