11.05.2017, 18:42
Оқылды: 63

Өңірімізге ТМД елдері аумағынан жұмысқа келушілердің саны артқан

Бұл туралы ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалы алаңында БҚО ІІД бөлініс басшылары қатысқан брифингте айтылды.

Брифингте облыстық көші-қон полициясы басқармасының бастығы келтірген мәлімет бойынша, өңірімізге ТМД елдері аумағынан жұмысқа келушілердің саны былтырғымен салыстырғанда артқан. Басқарма басшысы мұның себебін жергілікті әкімшлік жанынан шетелдіктерге арнайы жеңілдік жасалып, биылдан бастап бақша егу секілді маусымдық жұмыстарды атқаруға рұқсат берілгендігімен байланыстырады. Жалпы қазіргі таңда өңірлік көші-қон полициясы басқармасы арқылы тіркелген шетелдік азаматтар саны 6 506 адамды құрайды. Оның 3 755-і бұрын Қазақстанда тұрған, қазіргі таңда тума-туыстарына келген Ресей азаматтары. Тәжікстаннан 102, Өзбекстаннан 1 632 адам тіркелген. Жалпы 1 987 шетелдік азамат қызметін заңдастыруда. Бүгінде олардың 955-і рұқсат қағазын алса, қалғандары енді тіркелуде. Әрбір тіркелген азамат көші-қон полициясының бақылауында болады.

Нұртас Сафуллин

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале