30.11.2017, 18:14
Оқылды: 118

Орал қаласында жаңа саябақ пайдалануға берілді

 

Орал қаласында №4 және №6 шағынаудандар арасында жаяу жүргіншілерге арналған әдемі саябақты жол салынды.  Саябақтың салтанатты ашылуы Тұңғыш Президент күніне орайластырылды. Шараға қала әкімі Мұрат Мұқаев қатысып, аудан тұрғындарын құттықтады.

Айта кетейік, күні бүгін Орал қаласында 54 саябақ бар екен. Еске салсақ, жаңбырлы күні тұрғындар бұл жерден резеңке етіксіз өте алмайтын. Енді саябақ қалалықтардың таза ауа жұтып, балаларымен қыдыратын орнына айналды.

24259784_10210540101471190_1357611722_oОрал қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Бауыржан Тухватовтың атап өткеніндей, жалпы аумағы 8,5 мың шаршы метрді құрайтын жолға 3,5 мың шаршы метр тас төсеуіш және 1,5 мың шаршы метр асфальтбетон жабындысы пайдаланылған. Саябаққа 80 көше шамы орнатылып, 100-ден аса шырша отырғызылды. Нысанның жалпы құны 111 млн.теңгені құрайды.

- Келесі жылы облыс орталығында тағы да 5 саябақ салынып, шаһардың өзге аудандары абаттандырылады. Қазір бұл нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Сонымен қатар бір нысан мемлекеттік сараптамадан өтті. Бұл – Строитель шағынауданы маңындағы Жасыл саябақ.

Қала тұрғындарын Тұңғыш Президент күнімен құттықтаған қала әкімі Мұрат Мұқаев кейінгі жылдары шаһарды абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ол қала азаматтарын жаңа саябақты таза ұстауға шақырды.

 Наталья ГОРОХОВА

Суреттер Айбатыр НҰРАШТІКІ

zhaikpress.kz

24251099_10210540101831199_559773125_o 24251099_10210540101711196_937357322_o 24250900_10210540101911201_1315270917_o 24259436_10210540102031204_1841964794_o

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале