22.11.2019, 18:18
Оқылды: 69

Орал қаласының әкімі: «2050 жылға қарай оралдықтар саны 68%-ға көбейеді»

Облыстық мəслихаттың кезекті ХХХІ сессиясында Орал қаласының əкімі Абат Шыныбеков шаһардың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын депутаттарға таныстырды.

180dd6d0-ed6d-480b-857f-d192ee155b39

-Орал қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген республикалық және облыстық маңызы бар қалаларды дамыту стратегиясын әзірлеу әдістемесінің негізінде қала тұрғындарының болжамды санын ескере отырып жасалды.

Стратегияда қаламыздың дамуы үшін барлық қажетті көрсеткіштер мен бағыттар айқындалған: табиғи сипаттамалар, қаламыздың бай тарихы, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың талдауы және ең бастысы - қаланың болашақ дамуына деген көзқарас. Оның әрбір бөлімінде қандай да бір даму бағытының күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері көрсетілген.

Стратегияны әзірлеу кезінде Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының бағыттары мен басымдықтары, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да маңызды құжаттары ескерілді.
Сонымен қатар, Орал қаласының ұзақ мерзімді стратегиясын жасақтау кезінде дамыған және дамушы елдер қалаларының озық халықаралық тәжірибесі қолданылды. Стратегияның негізгі басымдықтарымен дамудың 5 бағыты анықталды. Олар - дамыған экономика; адами капиталды дамыту, жасыл экономика, цифрландыру, қалалық жоспарлау, - деді Абат Шыныбеков

Əкімнің айтуынша, 2019 жылдың басында Орал қаласының экономикалық белсенді халқының саны 146,4 мың адам. Бұл - жалпы тұрғындар санының 47%-ы. Соңғы жылдары жылдық өсім шамамен 3-4% құрады. 2050 жылға қарай халық саны 68%-ға көбейіп, яғни тұрғындар саны 313 мыңнан 525 мыңға жетеді деп есептелген.

akimat sessiasy (9)Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде және «Ақжайық» жаңа шағынауданы құрылысын жүргізу жоспарлануда. Аталған аудандарды қоныстайтын халықтың саны шамамен 97 мың адам. Тұрғын үймен орташа қамтамасыз ету 1 адамға 23,2 шаршы метр деңгейінде есептелінді.

2050 жылға қарай қала көшелері мен жолдарының жалпы ұзындығы 1000 километрден аспақ. Оның ішінде магистральды көшелердің жалпы ұзындығы - 400 километр.

- Облыс мәслихатының тұрақты комиссиясында стратегия жобасын талқылау барысында депутаттар тарапынан келіп түскен ұсыныстар негізінде 2050 жылға халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру индикаторын қайта қарастырып, 90%-ға дейін көтердік.

Стратегияны іске асыру мерзімі 2050 жылға дейін белгіленген. Қажет болған жағдайда стратегияны іске асыру және мониторинг тетігіне сәйкес құжатқа 5 жылда бір рет түзету, ал 10 жылда бір рет стратегияны жаңарту жүргізіледі, - деді Орал қаласы əкімі.

Нұртай Алтайұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале