21.05.2019, 10:36
Оқылды: 50

«Орал қаласының құрылыс бөлімі» ММ жүргізілген аудит қорытындысы

Бақылау іс шаралары Жоспарына сәйкес «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қаржылық есептілік аудиті жүргізіліп, Бөліммен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 Бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидасы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі N 325 Бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидалары бұзылып 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайындағы қаржылық есептілік 35 270 543,5 мың тенгеге  бухгатерлік теңгерімнің жол кодтары бойынша  атап айтқанда:

audit-2

-020 «Қорлар»   1 126,8 мың тенге;

-115 «Аяқталмаған құрылыс және күрделi салымдар»  18 358 855,9 мың тенгеге;

-118 «Материалдық емес активтер»  95,3 мың тенгеге;

-311 «Жеткiзушiлерге және мердiгерлерге ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешек»  37,0 мың тенгеге;

-412 «Жинақталған қаржылық нәтиже»  16 910 428,5 мың тенгеге бұрмаланып жасалған.

Жоғарыда көрсетілгендермен Бөлімнің бас есепшісіне ҚР ӘҚБтК-нің 238 бабы 1 тармағы 2 тармақшасымен әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл бюджет кірісіне өндірілді.

         Көрсетілген бұзушылықтар сомасы толықтай есептілікпен қалпына келтірілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале