26.06.2020, 11:05
Оқылды: 85

«Орал» медресе колледжінің шәкірттері емтихан тапсырды

   Биыл «Орал» медресесін 8 түлек тәмамдап жатыр. Олар кеше үш жыл бойы ұстаздарынан алған білімдерін таразылап, емтихан тапсырды.

4A81EFF3-F72E-417D-9668-5F646CADD032

Үш пәннен, атап айтқанда, араб тілі, Құран және фиқһ сабақтарынан қойылған сұрақтарға жазбаша және ауызша жауап берді.

Емтихан комиссиясының құрамында ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау бөлімінің маманы Жаңабай Қожин, Ақтөбе медресе колледжінің ұстазы Бауыржан Нұрғалиев, Орал медресесінің директоры Мұратбек Қыстаубаев, білім ордасының ұстазыдары Ринад Акимов, Асылбек Наурызов болды. Олар шәкірттердің берген жауабын мұқият тыңдап, тиісті бағасын берді.  

20EFAB8B-AEDE-49DF-A329-549BF56D7F3B

  Үш шәкіртіміз өте жақсыға тапсырып, үздік диплом алады.

Түлектер аудан, ауыл мешіттеріндегі діни қызметке тартылады деп жоспарлануда. Ал екі шәкірт білімін одан әрі жетілдіру үшін «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетіне оқуға жолдануда.

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале