14.02.2017, 16:31
Оқылды: 54

Орал халқы бес жылда 32 мыңға өсті

421c12de-228b-4cad-89c7-72f212b69612 (1)Бұл жайлы бүгін Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиевтің халық алдындағы есеп беруінде айтылды.


Бүгінде облыс орталығының тұрғындар саны 291 мыңға жеткен. Бұл шаһар халқы 2015 жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға өскенін көрсетеді. Соңғы бес жылда тұрғындар саны 32 мыңға өскен Орал қаласында облыс халқының 46 пайызы тұрады. Өсімнің негізгі себебі – ішкі көші-қон мен оң демографиялық көрсеткіш. Себебі былтыр дүниеге келген сәбилер 2015 жылға қарағанда 11 пайызға көп.

16753925_1247879651928060_626498708_nАйта кетейік, бүгін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиевтің халық алдындағы есептік кездесуі өтуде. Жиынға БҚО әкімі Алтай Көлгінов қатысуда.

Жиын басталмас бұрын облыс басшысы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндайтын көрмені тамашалады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале