17.06.2019, 16:44
Оқылды: 511

Оралда 17 ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды

2019 жылдың 8 маусымында Орал қалалық полиция басқармасына қаладағы бір ірі саяжайда бірнеше ұрлық фактісі орын алып, ал күдіктінің саяжайда тұрып жатқаны туралы мәлімет қабылданды.

 vor dachnyi

 «Малиновый сад» саяжайының тұрғындары тарапынан түскен хабардан соң тәртіп сақшылары аталмыш саяжайды және іргелес «Коммунальник» саяжайын тексеріп шықты. Жіті қадағалау мен іздестіру барысында күдікті В. есімді азамат өз мекен-жайынан  құрықталды. Жедел-тергеу тобы күдіктінің үйінен ұрланған заттар мен жеке мүліктерді тапты.

 Ол аз дегендей сыйымдылығы 1 лирт 5 бөтелке және жарты литр 4 бөтелке есірткі тектес зат, қос ауызды шолақ мылтық табылып, сот-медициналық сараптамасына жіберілді.

 Күдікті 17 ұрлық, заңсыз қару мен есірткі тектес затын сақтағаны үшін айыпталып, тергеу изоляторына қамалды. Орал қ.ПБ-сы тергеу амалдарын жүргізуде. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 296-бабының 4 бөліміне, 287-бабының 3-бөліміне, 188-бабының 1-бөліміне сай қылмыстық іске қатысты материалдар жинақталуда, одан әрі  сотқа жолданады.

Орал қалалық полиция бөлімі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале