2.11.2017, 17:33
Оқылды: 53

Оралда 60 тұрғынға тегін кеңес берілді

«Жас Отан» ЖҚ «Жастар - Отанға» жобасы аясында ұйымдастырылатын «Кеңес орталығы» жобасы бүгінде оң нәтижесін беруде.

30 қазан мен 2 қараша күні аралығында медицина қызметкері, жергілікті мәслихат депутаты, кәсіпкерлікті дамыту қоры, халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы, жастар ұйымдары мамандары жастарды қабылдады.

Кеңес орталығының мамандары жұмыссыз жастар мен тұрғындарға жұмыссыздық мәселесімен қатар, тұрғын үй мәселесі жайлы кеңес берді. Сонымен қатар медицина қызметкерлері қала базарында жалдамалы жұмыс атқарып жүрген жұмысшылардың қан қысымын өлшеп, сәйкесінше дәрігерлік кеңестер берді.

Жастарға кәсіп ашудың алғышарттары түсіндіріліп, арнайы дайындалған ақпараттық брошюралар таратылды. Жұмыс жоспарына сәйкес Кеңес орталығы қабылдаулары алдағы уақытта да жүргізілетін болады.

Зарина Ықсанова

 «Жас Отан» ЖҚ БҚОФ менеджері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале