1.12.2016, 22:40
Оқылды: 51

Оралда «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық ақындар айтысы өтті (ФОТО)

received_10207855477477268Бүгін Орал қаласындағы Жастар мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен ҚР Тұңғыш Президенті күніне байланысты «Қадыр жолымен...» жобасы аясында «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық ақындар айтысы өтті.


received_10207855476557245Доданың ашылу салтанатында Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман мен облыс әкімі Алтай Көлгінов сөйлеп, айтыскер ақындарға сәттілік тіледі, баршаны бүгінгі мерекемен құттықтады.
Жүрсіннің жүйріктерінің арасындағы алғашқы майдан Айнабек Бисенғалиев (Орал) пен Дархан Әбдіманаповтың (Тараз) сөз қағысуынан басталды.

received_10207855477037257Одан кейінгі шыққан айтыскерлер де жекпе-жек алаңында әдемі әзіл, орамды ой өрбітіп, көрермендерді жалықтырмады, әлеуметтік мәселелерді де кеңінен көтерді.
Айтыс аяқталған соң, сахнаға қазылар алқасы көтерілді.

received_10207855478757300Алқа төрағасы, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов облыс басшысына кезінде Ақ Жайық өңірінде туған, белгілі өнер майталманы Хадиша Бөкееваның есімін облыстық қазақ драма театрына беру мәселесі көтерілгенін, кейін аяқсыз қалуына байланысты аталған бастаманың жандануына ықпал етуін ұсынды.
received_10207855478517294Қазылар алқасының шешімімен, тараздық Дархан Әбдіманаповқа, оралдық Талғат Мықи мен Айнабек Бисенғалиевке 350 мың теңгеден облыс әкімінің ынталандыру сыйлығы берілді.
Атыраулық Сырымбек Сәрсенбаев, оралдық Бауыржан Ширмединұлы, тараздық Нұрлыбек Құрманов, павлодарлық Нұрқанат Қайратқа ІІІ орын берілді.

received_10207855476717249Оралдық Жансая Мусина, астаналық Айдана Қайсарбек, семейлік Әсем Ережеқызы ІІ орын алды.

Шымкенттік Дәурен Ақсақалов І орынға қол жеткізді.
received_10207855478717299Бас бәйгеге тігілген 1 миллион теңге қаражатты астаналық Нұрмат Мансұров иеленді.
Облыс әкімі Алтай Көлгінов әдемі айтыс жасаған Жансая Мусина мен Дәурен Ақсақаловқа қосымша 500 мың теңгені, барлық айтыскер ақынға бөлісіп алуға 1 млн. теңге қаражатты сыйға тартқанын салтанатты түрде хабарлады.

Нұртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

received_10207855479677323

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале