2.08.2018, 18:08
Оқылды: 35

Оралда десантшылар төл мерекелерін атап өтті

 

desantniki (4)Кеңес Одағы кезінде Ресейдегі Воронеж қаласы үстінен он екі адамнан тұратын десанттық бөлімшесі парашютпен секіріп, оқу-жаттығуды ойдағыдай орындады. 2 тамыз  Әуе десанты әскері күні болып белгіленіп, оны посткеңестік елдер әлі күнге атап өтеді. Осы оқиғаға 88 жыл толуына байланысты Орал қаласындағы Жеңіс алаңында  салтанатты шара өтті. Оған сала ардагерлері, әскери-патриоттық ұйымдар және әскери құрылымдардың өкілдері қатысты.


 

– Әуе десанты әскері екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, мәрттік жасап, ерлік көрсетті. Ауған соғысына қатысқандардың 80 пайызы десантшылар болды. Кеңестік кезеңде Германиядағы десантшылар ротасында әскери қызмет атқарғанымды мақтан етемін.  Әуе десанты әскерінің негізін қалаған армия генералы Василий Маргеловты  жыл сайын құрметпен еске аламыз. Десантшылар қиындыққа өте төзімді, құрыштай берік әрі адал, тәртіпке берік болуы тиіс, – деді шараны ұйымдастырған доғарыстағы старшина, ҚР әуе десант әскері және арнайы жасақ ардагерлері одағының БҚО-дағы өкілі Әлібек Сүндетбаев.

desantnikiЖиында ҚР Қарулы күштерінің  ардагері, доғарыстағы полковник Николай Дегтярев «В.Ф.Маргелов генералы» медалімен марапатталды. Сонымен қатар Орал гарнизонының штаб бастығы Сергей Щербин, «Ауғанстан  соғысы мүгедектері мен ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тахир Косчанов, «Отан» РҚБ облыстық филиалының төрағасы Анатолий Тян, «Ауған соғысы ардагерлері» облыстық одағының төрағасы Олег Пимонов сөйлеп, ардагерлер мен әуе десанты әскерлеріне төсбелгілер мен алғысхат табыстады.

desantniki (3)Шараға қатысушылар1986 жылы ауған соғысында қаза тапқан оралдық десантшы Ринат Чикибаевты бір минут үнсіздікпен еске алды және жауынгердің анасы Фаузияға естелік хат берілді.

Кейін әуе десанты әскерлері мен ардагерлер сап түзеп, «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоғын қойды.

zhaikpress.kz

 

 desantniki (6) desantniki (1) desantniki (2) desantniki (5)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале