22.08.2019, 15:19
Оқылды: 544

Оралда екі пәтерлі үй өртенді

Оралда екі пәтерлі үйден өрт шықты, деп хабарлайды БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.     

DSC02855

21 тамыз сағат түнгі 1:41-де БҚО төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметіне Зашаған кентінің Жәңгірхан 27/1 мекенжайындағы екі пәтерлі үйдің өртке оранғандығы туралы қоңырау түскен.

Оқиға орнына жеткен №3 МӨСБ-ның өрт сөндірушілері барлау жұмыстары кезінде тұрғын үйдің шатыры мен қабырғалары өртенгенін анықтаған. Өрт шарпып өткен аудан 220 шаршы метр. Тілсіз жауды ауыздықтауға №8 және №5 өрт сөндіру бөлімінің қосымша техникасы шақыртылып, жеке құрамнан 18 адам, 5 техника жұмылдырылған. Сағат 03.45-те өрт толық сөндіріліген.

 Өрттен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары, келген шығын анықталуда.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале